"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылдық округінің әкімі шешті:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылдық округінің Қазтай Ұлтарақов ауылының: "Объездная" көшесі – "Алиаскаров Бекболат" көшесі; "Новостройка" көшесі – "Аташбаев Анламас" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Масақ ауылдық округінің әкімі | Р. Жақабай |
