Бақанас ауылдық округіндегі жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 01 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылындағы жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері "Қасымбеков Рахымберлі" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктеледі.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким сельского округа Э.Байгуатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады