Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 08 маусымдағы № 121 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ​Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылындағы атауы жоқ жаңа көшелерге Нарышев Жидехан көшесі; Қорғанбаев Бейсебек көшесі; Жұмабеков Ислампол көшесі деп аталсын.

      2. ​Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Хайдаровқа жүктелсін.

      3. ​Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жансүгіров ауылдық округінің әкімі И.Мусабаланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады