Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемақысы белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |