Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
| Ойыл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "5" қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымның атауы | Қызмет түрлері | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
1 | 2 | 3 | 5 |
1. | "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының Ойыл аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 9476,77 |