ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.04.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үміт" отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақтөбе облысының Қобда аудандық әлеуметтік кызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қобда аудандық белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 25 (жиырма бес) пайыз көлемінде белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қобда аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ергалиев |
| Қобда аудандық маслихатының 2026 жылғы "12" ақпандағы № 450 шешіміне қосымша |
Мекеме атауы | № | Штат атауы | Штаттық бірлік саны |
"Үміт" отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1 | Директор | 1 |
2 | Есепші | 1 | |
3 | Заңгер | 1 | |
4 | Ұйымдастырушы маман | 1 | |
Барлығы | 4 |
Мекеме атауы | № | Штат атауы | Штаттық бірлік саны |
"Ақтөбе облысының Қобда аудандық әлеуметтік кызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1 | Директор | 1 |
2 | Есепші | 1 | |
3 | Кенес беруші маман | 1 | |
Барлығы | 3 |
Мекеме атауы | № | Штат атауы | Штаттық бірлік саны |
"Қобда аудандық белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1 | Директор | 1 |
2 | Есепші | 1 | |
3 | Кеңсе қызметкері | 1 | |
Барлығы | 3 |