Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214425 болып тіркелген) Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 74 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тілінде жазылған деректемелерінде көшелердің атауларындағы "Смагул Кенжеханов", "Садуакас Калтаев" сөздері тиісінше "Смағұл Кенжеханов", "Сәдуақас Қалтаев" сөздерімен ауыстырылсын.
Шешімнің қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ырғыз ауылдық округінің әкімі |
Н. Жұбаназаров |