Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 74 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі қорытындысы негізінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Смағұл Кенжеханов;

      № 2 атауы жоқ көшеге – Сәдуақас Қалтаев;

      2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауылдық
округінің әкімі
Н. Жұбаназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады