Ақтөбе қаласы аумағында техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және Ақтөбе облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 5-ТЖ хаттамасының негізінде, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан облыстық әкімдіктің әкімшілік ғимаратының өртенуіне байланысты техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады