Ақтөбе облысында ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 309 шешімі

      Қазақстан Республикасы Cу Кодексінің 26-бап 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысында ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшері бекітілсін:

      1) қосылған құн салығын ескере отырып, ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 100 теңге;

      2) қосылған құн салығын ескере отырып, тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда, ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 130 теңге;

      3) қосылған құн салығын ескере отырып, ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 120 теңге;

      4) қосылған құн салығын ескере отырып, тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда, ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 156 теңге.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының
міндетін атқарушы
Н. МАХАМБЕТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады