Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық ұланның бөлімшелерін пилотсыз авиациялық жүйелермен жарақтандырудың заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 маусымдадағы № 457 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның бөлімшелерін пилотсыз авиациялық жүйелермен жарақтандырудың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) қол қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
2026 ж "30" маусымдағы
№ 457 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның бөлімшелерін пилотсыз авиациялық жүйелермен жарақаттандырудың заттай нормалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Қолдану саласы

Таралу саласы

1.

Көп мақсатты мультикоптерлік типтегі әуеайлақтан тыс тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер (пилотсыз әуе кемелері)

Жиын
тық

2 ⃰

7

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау

ІІО-ның жылжымалы байланыс торабына (ЖБТ)

ІІО патрульдік полициясының бір взводына

1 ⃰

7

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау

ІІО-ның әрбір жылжымалы байланыс торабына (МБК, шағын ЖБО)

ІІО жедел қызмет бөлімшелеріне

ІІО ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелеріне

ІІО арнайы күштер мен жедел басқару бөлімшелеріне

ІІО күзет қызметін бақылау бөлімшелеріне

ІІО есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесіне

ІІ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшелеріне

ІІО криминалдық полиция бөлімшесіне

ІІО жедел-криминалистикалық бөлімшесіне

ІІМ білім беру ұйымына

ІІО ақпараттық саясат бөлімшесіне

ҚАЖ мекемелерін күзету, режим және қадағалау бөлімшесіне

ҰҰ арнайы мақсаттағы тобына

ҰҰ әр артиллериялық зениттік дивизионына

ҰҰ барлау бөлінісіне (тобына)

3

7

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау

ҰҰ ПАЖ (ПЖ, ПӘК) бөлімшесіне

2.

Әуеайлақтан тыс тұрған көп мақсатты ұшақ типтегі пилотсыз авиациялық жүйелер (пилотсыз әуе кемелері)

Жиын
тық

1

7

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау

ҰҰ арнайы мақсатындағы тобына

2

ҰҰ әр артиллериялық зениттік дивизионына

3

ҰҰ ПАЖ (ПЖ, ПӘК) бөлімшесіне

3.

Оқу-жаттығу мақсатындағы пилотсыз авиациялық жүйелер (пилотсыз әуе кемелері)

Жиын
тық

5

7

Оқу және жаттығу ұшулар кезінде

ІІМ білім беру ұйымдары мен ҰҰ оқу бөлімшесіне

2

ҰҰ арнайы мақсаттағы тобына

4.

FPV (First Person view) жүйесі бар пилотсыз авиациялық жүйелер

Жиын
тық

1

7

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау және оқу орындарында оқыту

ҰҰ арнайы мақсаттағы тобына

5

ІІМ білім беру ұйымдары мен ҰҰ оқу бөлімшесіне

1

ҰҰ БАЖ (БҚ, БӘК) бөлімшесіне

5.

ПАЖ оқу-жаттығу кешені (сынып, тренажер)

Жиын
тық

1

7

Оқу процесін ұйымдастыру

ІІМ білім беру ұйымдары мен ҰҰ оқу бөлімшесіне

      Ескерту:

      1-тармақ "Көп мақсатты мультикоптерлік типтегі әуеайлақтан тыс тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер (пилотсыз әуе кемелері)– Жылжымалы байланыс торабына (ЖБЖШ) – 2 жинақ.

      1-тармақ Көп мақсатты мультикоптерлік типтегі әуеайлақтан тыс тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер (пилотсыз әуе кемелері) – Ішкі істер органдары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттері 1 бірліктен; қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі, ІІМ білім беру ұйымдары, ҚАЖ мекемелерін күзету, режим және қадағалау бөлімшесіне – 1 жинақтан.

      Қысқартулар:

ІІМ – Ішкі істер министрлігі

МБЖ – Мобильді байланыс кешені;

ҰҰ – Ұлттық Ұлан;

Шағын-ЖБО – Шағын жедел басқару орталығы;

ІІО – Ішкі істер органдары;

ПАЖ – Пилотсыз авиациялық жүйе;

ҚАЖ – Қылмыстық-атқару жүйесі;

ПӘК – Пилотсыз әуе кемесі

ЖБЖШ – Жедел басқарудың жылжымалы штабы;

ПЖ – Пилотсыз жүйе.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады