Ақмола облысы Қосшы қаласы Әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 "Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 04-109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 "Қосшы қаласы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29732 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2 - қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Мұхаметқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Қапышев

      КЕЛІСІЛДІ

      Аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________________

      _______________________

 
  1-қосымша
Қосшы қаласы әкімдігінің
№ ______ қаулысына
"___" __________ 2026 жыл

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Республика көшесі, 46-үй, Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд

2

"Лесная поляна" шағынауданы, 20-үй, үйдің қарсысындағы стенд

3

Республика көшесі, 1/1, 4-корпус, №3 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд

4

Абсағитов көшесі, 4-үй, №1 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд

5

Жангелдин көшесі, 16-үй, "Дара" мектебінің жанындағы стенд

6

Қ.А. Ясауи көшесі, "SMALL" сауда орталығының қарсысындағы стенд

7

Желтоқсан көшесі, IT мектеп-лицейінің жанындағы стенд

8

"Лесная поляна" шағынауданы, 1-үй, "Экомаркет" минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд

9

"Лесная поляна" шағынауданы, 2-үй, "Экомаркет" минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд

10

"Лесная поляна" шағынауданы, 8-үй, аялдама жанындағы стенд

11

Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, 15-үй, жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд

 
  1-қосымша
Қосшы қаласы әкімдігінің
№ ______ қаулысына
"___" __________ 2026 жыл

Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1

"Чистые пруды" ЖШС, Айтеке би көшесі, 33, демалыс аймағы

2

"Best Management Group" ЖШС, Есіл көшесі, 9/6, "Green Park" демалыс орталығының мейрамхана залы

3

Жеке кәсіпкер Какимжанова Л., Республика көшесі, 80, "ARUZHAN PLAZA" мейрамханасының үлкен банкет залы

4

Жеке кәсіпкер Умержанова Б.А., Жолмағамбет Қалиев көшесі, 22, "Айгерім" мейрамханасының залы

5

"Z-1" ЖШС, Республика көшесі, 1Б, "Восточный двор" мейрамханасының банкет залы

6

"Silk-Road corporation" ЖШС, Әліби Жангелдин көшесі, 16, "Бизнес академия" лицей-мектебінің акт залы

7

"Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" жанындағы мәдениет үйі, Республика көшесі, 11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады