Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қосшы қаласының әкімі | Г.Касенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Қосшы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы |
| Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 қаулысына 1-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 13.04.2026 № 04-109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1 | Республика көшесі, 46-үй, Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд |
2 | "Лесная поляна" шағынауданы, 20-үй, үйдің қарсысындағы стенд |
3 | Республика көшесі, 1/1, 4-корпус, №3 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд |
4 | Абсағитов көшесі, 4-үй, №1 жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд |
5 | Жангелдин көшесі, 16-үй, "Дара" мектебінің жанындағы стенд |
6 | Қ.А. Ясауи көшесі, "SMALL" сауда орталығының қарсысындағы стенд |
7 | Желтоқсан көшесі, IT мектеп-лицейінің жанындағы стенд |
8 | "Лесная поляна" шағынауданы, 1-үй, "Экомаркет" минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд |
9 | "Лесная поляна" шағынауданы, 2-үй, "Экомаркет" минимаркеті аялдамасының жанындағы стенд |
10 | "Лесная поляна" шағынауданы, 8-үй, аялдама жанындағы стенд |
11 | Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, 15-үй, жалпы білім беретін мектептің жанындағы стенд |
| 2-қосымша Қосшы қаласы әкімдігінің № ______ қаулысына "___" __________ 2026 жыл |
Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 13.04.2026 № 04-109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар |
1 | "Чистые пруды" ЖШС, Айтеке би көшесі, 33, демалыс аймағы |
2 | "Best Management Group" ЖШС, Есіл көшесі, 9/6, "Green Park" демалыс орталығының мейрамхана залы |
3 | Жеке кәсіпкер Какимжанова Л., Республика көшесі, 80, "ARUZHAN PLAZA" мейрамханасының үлкен банкет залы |
4 | Жеке кәсіпкер Умержанова Б.А., Жолмағамбет Қалиев көшесі, 22, "Айгерім" мейрамханасының залы |
5 | "Z-1" ЖШС, Республика көшесі, 1Б, "Восточный двор" мейрамханасының банкет залы |
6 | "Silk-Road corporation" ЖШС, Әліби Жангелдин көшесі, 16, "Бизнес академия" лицей-мектебінің акт залы |
7 | "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" жанындағы мәдениет үйі, Республика көшесі, 11 |
