Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 "Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № А-1/30 қаулысы

      Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 "Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақыларды белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне (оның ішінде А1/3, А2/3, А3/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2, С3 санаттарындағы қызметкерлерге) лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгіленсін."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х.Ахметоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының әкімі С.Шабаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады