"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Техногендік сипаттағы табиғи төтенше жағдайлардың жіктелуін белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) ШЕШТІ:
1. Жарқайың ауданы Пятигор ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімі | Г. Садвакасов |
