Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 22 мамырдағы № 8С-19/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8760-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1- тармағына сәйкес есептейді.";
5 - тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |
