Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № А-5/110 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 мамырдағы № С 59-8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 150,5 гектар Ақкөл ауданы Ақкөл орман шаруашылығының шекарасы (шегі) белгіленсін.

      көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов
      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С. Абаханов

  Бірлескен Ақкөл ауданы
әкімдігінің қаулысына
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ А-5/110 қаулысы
1-қосымша
  Ақкөл аудандық мәслихатының
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ С 59-8 шешіміне
1-қосымша

Ақкөл ауданы Ақкөл орман шаруашылығының шекарасы (шегі)



      ШАРТТЫ БЕЛГІСІ


- Шекара (шегі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады