Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Премьер – Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауАқкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б.Әбдірахманов |
| Ақкол ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "08" қаңтардағы № А-1/1 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған Ақкөл ауданы бойынша бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифы
№ | Мекемелердіңтүрлері | Күніне бір қызмет алушының тарифі(теңге) |
1. | Үйдеқызметкөрсету | 3398,9 |
2 | Жартылай стационар психоневрологиялық аурулары бар ересектер және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар | 5523,0 |