"Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/3 қаулысы

      "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 213655 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Г.Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады