"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 210952 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Г.Қасенов |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы № қаулысына қосымша |
Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер.
2. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.
3. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген төлемдер.
5. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар.
6. Тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға трансферттер.
7. Банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.