"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 213655 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г.Қасенов |