"Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № А-4/151 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Е. Рамазанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 8 сәуірдегі
№ А-4/151 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
1-қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Сүт

Сары май

52,0

Сүт

Қатты ірімшік

196,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады