Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Рамазанов |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № А-4/151 қаулысына қосымша Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына 1-қосымша |
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Субсидия нормативі, теңге/килограмм |
Сүт | Сары май | 52,0 |
Сүт | Қатты ірімшік | 196,3 |