"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Марқакөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Марқакөл аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Марқакөл ауданының әкімі | Р. Кемешев |
Шығыс Қазақстан облысы Маркакөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 92 қаулысына қосымша |
Марқакөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасқан орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы |
1. | Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылдық округі, Марқакөл ауылы, Абылайхан және Құдайбердиев көшелерінің қиылысында, Абылайхан көшесі, 25 учаскенің маңында | 100 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | - |
2. | Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылдық округі, Қалжыр ауылы, Көкіншінов көшесі, 62 учаскенің маңында | 100 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | - |
3. | Марқакөл ауданы, Боран ауылдық округі, Боран ауылы, Центральная көшесі, 2 учаскенің маңында | 100 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | - |
4. | Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Абай көшесі, 2 учаскенің маңында | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | - |
5. | Марқакөл ауданы, Төсқайың ауылдық округі, Төсқайың ауылы, Орталық көшесі, 26 учаскенің маңында | 50 | 5 жыл | Бөлшек сауда (азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жүзеге асыру) | - |