Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Самар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Самар, Көкжота, Көкжыра және Раздольное ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдайды жою басшысы болып Самар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Жоғарыда көрсетілген жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар аумақтағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шаралар өткізсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жеңісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады