Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылынан 0,2 километр жоғары орналасқан Тайынты өзеніңде су қоймасы бөгетінің шегіндегі аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы, 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Ұлан ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 02 қыркүйекдегі № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШЕМІН:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылынаң 0,2 километр жоғары орналасқан Тайынты өзеніңде су қоймасы бөгетінің шегіндегі аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Шығыс су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (М. Нургалиев, келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізсін. Атап айтқанда, гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы жедел әзірлеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады