Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі Байтоғас ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 318 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/11-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округі Байтоғас ауылының жалпы алаңы 1008,6732 гектар шекарасы (шегі) осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай ауданының әкімі Д. Жөргекбаев
      Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы О. Канагатов

  бірлескен әкімдіктің
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 318 қаулысы мен мәслихаттың
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 36/11-VIII шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылының шекарасы (шегі)

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады