"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 15)тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 бұйрығымен бекітілген "Кондоминиум нысанын басқару және оның жалпы мүлкін ұстауға арналған смета шығындарының әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум нысанына қатысты жалпы мүлікті басқару мен ұстауға арналған ең төменгі шығындар мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" әдістемесіне сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кондоминиум нысанын басқару және оның жалпы мүлкін ұстауға арналған ең төменгі шығындар мөлшері 2025 жылға ай сайын бір шаршы метрге 41,0 теңге көлемінде бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы | Б. Болаев |