"Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,67,69-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:
1. "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамына ШҚО, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Прапорщиково ауылында орналасқан, алаңы 0,48 га ВЛ-6 кВ Л-6 ПС Прапорщиково қолданыстағы электр беру желісін қайта құру үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитуты белгіленсін.
2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етe.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауылдық округі әкімінің м.а. | Ю. Борисова |