Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыруды енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 3734 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      14-тармақ келесі мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;".

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамсында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады