"Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 2900 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулылары жойылсын:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 293 "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы;

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 2231 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 293 "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      3. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы И. Смит

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "17" қыркүйектегі
№ 2900 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) қала аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, бөлімнің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі бекітеді.

      8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, пошта индексі 070004.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге әсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) тұрғын үй құрылысын реттеу саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      3) қала аумағында құрылыс кешенінің дамуын талдау, болжау.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

      Бөлімнің қызмет саласына қатысты ұсынымдар беру және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде орындалуын бақылау;

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді, ұсыныстарды, ақпаратты, шешімдердің жобаларын әкімдіктің қарауына енгізу;

      мемлекеттік органдар өткізетін Бөлімнің құзыреті мәселелеріне қатысты отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге қатысу, облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындау;

      Бөлім құзыретінің шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде қолайлы тіршілік ету ортасын және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету;

      Бөлім әзірлеушісі болып табылатын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайтын немесе олардың күші жойылды деп танитын әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Функциялары:

      1) жергілікті маңызы бар объектілерді салу мәселелері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органының шешімдерін іске асыру;

      2) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қала аумағында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу;

      3) қала әкімдігіне құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы ұсыныстар енгізу;

      4) мекеменің құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      5) құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін білдіру;

      6) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру;

      8) қала аумағында Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, құрылыс кезеңінде пәтерлерді сату (брондау) бойынша жарнаманы орналастыру тұрғысынан ақпараттық көздерге мониторинг жүргізу;

      9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актіні бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      10) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот ұйымдарында Бөлімнің, қаланың жергілікті атқарушы органының мүдделерін білдіру;

      11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;

      2) Бөлімнің құрылымын дербес айқындайды;

      3) белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақырады;

      4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;

      5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      7) заңнамада көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады