"Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 264 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.А. Мусинова):

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "20 " қазандағы
№ 264 қаулысына
қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі-Басқарма) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды үйлестіру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілерді басқаруға кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету, жұмыссыздықты қысқарту, жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

      2) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;

      3) мүгедектігі бар адамдарды оңалту бойынша жұмысты үйлестіру;

      4) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Басқарма:

      Басқарманың функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан, ведомстволық бағыныстағы ұймдардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;

      құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға;

      құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар дайындауға;

      әлеуметтік қорғаудың тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) Басқарма:

      бюджет қаражатының уақтылы және нысаналы игерілуін қамтамасыз етуге;

      жүктелген функцияларды орындауда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге;

      Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      15. Функциялары:

      1) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты: саладағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органды хабардар ету жолымен іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өңірлік жұмыспен қамту карталарының бекітілуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізеді;

      4) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүргізеді;

      5) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді;

      6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетуге мониторинг жүргізеді;

      7) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екіден төртке дейінгі пайызы мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілейді;

      8) халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережені бекітеді;

      9) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізеді;

      10) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендер тізбесін бекітеді;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;

      12) халықтың арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдау мен болжауды қамтамасыз етеді;

      13) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құруға жәрдемдеседі;

      14) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

      15) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

      16) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, бедерлі-нүктелі Брайль шрифтімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      17) мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

      19) порталда тіркелген өнім берушілердің, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің Сыныптауышқа, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге мониторинг ұйымдастырады;

      20) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени, ағартушылық және өзге де іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      21) мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      22) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

      23) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік органдардың құзыреті аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыға) кешенді қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіреді;

      24) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында еңбек ұтқырлығы орталығымен өзара іс-қимыл жасайды;

      25) басқарма қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіреді;

      26) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің кепілдендірілген көлемдегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуін үйлестіреді;

      27) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің кадрлық қамтамасыз етілуін, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды үйлестіреді.

      28) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен анықтау қызметтерін ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады;

      29) арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды;

      30) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      31) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің, есту қабілеті нашар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етеді;

      32) жергілікті өкілді органмен келісім бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

      33) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді үйлестіреді;

      34) аймақтық жұмыс берушілер ұйымдары (ассоциациялар, одақтар) мен аймақтық жұмысшылар ұйымдарымен облыстық келісімдер жасауды жүзеге асырады;

      35) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халықтың санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді;

      36) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарды өткізуін қамтамасыз етеді;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;

      38) әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіреді;

      39) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      40) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу жолымен халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      41) пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғаларға жұмыс орындарына квота белгілейді;

      42) Қазақстан Республикасының арнайы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған және қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

      43) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын беру жұмыстарын үйлестіреді;

      44) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету ұйымдарын құрады;

      45) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыларға) әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      46) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      47) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) анықтау және көмек қолдау көрсету шаралын ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша шараларды ұйымдастырады;

      48) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыларға) әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету және басқа да көмек көрсету бойынша аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      49) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігі индикаторларын әзірлейді және бекітеді;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өмірлік қиын жағдайда тап болған тұлғаларға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      51) жергілікті атқарушы органдарға қарасты аудандар мен қалаларда отбасы қолдау орталықтарының қызметін құрады және (немесе) ұйымдастырады;

      52) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен ұтқыр топтарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      53) аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) ерте анықтау және әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілермен (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді;

      54) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды үйлестіреді;

      55) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) анықтау және есепке алу, жинақ жасау, себептеріне талдау жүргізу, статистикалық деректеріне жүйелі мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіреді;

      56) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бойынша жұмысты үйлестіреді;

      57) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету жұмыстарын үйлестіреді;

      58) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіреді;

      59) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша әлеуметтік төлемдер тағайындау жұмыстарын үйлестіреді;

      60) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

      61) әлеуметтік қорғау саласы бойынша келіп түскен петицияны Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;

      62) өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) алдын алу және кешенді қызмет көрсету функцияларын жүзеге асырады;

      63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мигранттарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

      64) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;

      65) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;

      66) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шағымдарды қарайды;

      67) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;

      68) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;

      69) халықтың көші-қон саласында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      70) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

      71) облыстағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;

      72) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      73) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш қабылдайды;

      74) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш қабылдайды;

      75) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;

      76) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      77) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      78) қандас куәліктерін береді;

      79) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

      80) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге өз аумағында және (немесе) өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін немесе корпорациялық ішкі ауысым шеңберінде квотадан тыс шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

      81) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын қандастарға жұмыспен қамту, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жәрдем көрсетеді;

      82) еңбек иммигранттарына рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу жұмыстарын үйлестіреді;

      83) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;

      84) пана іздеген адам куәлігін береді;

      85) босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады;

      86) босқын мәртебесін беру, ұзарту, тоқтату және айыру қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ босқын куәлігін береді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарма басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      3) Басқарма актілеріне қол қояды;

      4) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді, Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, Басқарма мүддесін білдіруге сенімхат береді;

      6) ерлер мен әйелдердің жұмыс тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларын қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      8) Басқарманың барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зимовьево арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Зевакино арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Первомайка арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Серебрянск арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Уба" шипажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Алтай ауданының Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының Еңбек ұтқырлығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Жанұя" отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады