"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, "Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 360 қаулысы мен Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 қазандағы № 26/6-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Малоубинка ауылдық округінің Карагужиха кенті өзге қоныстар санатына жатқызылсын;
Карагужиха қонысы Малоубинка ауылдық округі Малоубинка ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | Н. Сақтағанов |
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Д. Рыпаков |
