Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 27 қарашадағы № 267 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №386 "Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15311 болып тіркелген) бұйырығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Сауран ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №204 "Сауран ауданында қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуы Сауран ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Таңғатаров

  Сауран ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "27" қарашадағы
№ 267 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыс объектілері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Сауран-Су" МКК

Аудан аумағында су шаруашылығына жәрдемдесу

2

Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Жасыл Сауран" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудан аумағын көріктендіру, абаттандыруға жәрдемдесу

3

Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Сауран ауданының Газ Қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудан аумағында газ жұмыстарына жәрдемдесу

4

Сауран ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Сауран жол қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудан аумағында жол қызметіне көмектесу

5

"Шорнақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

6

"Майдантал ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

7

"Бабайқорған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

8

"Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

9

"Үшқайық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

10

"Шаға ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

11

"Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

12

"Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

13

"Иассы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

14

"Ораңғай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

15

"Қарашық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.

16

"Жүйнек ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинау, тазалау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, ағарту;
Ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; Шөп шабу;
Абаттандыру.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады