Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 "Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген 21-қосымшасының 15 функциялары бөлігі төмендегі тармақтармен толықтырылсын:
- уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
- театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
- мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
- өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
- ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
- ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, тиісті жұмыстарды жүргізу "Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне /Е.Айдаров/ тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Каратуновқа жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Б.Туребеков |