Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес, және жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы №513 санды берілген күні 24.07.2025 ж. Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-"Желі" дивизионы" бірлестігіне Түркістан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округі аумағынан жер учаскесінің жалпы алаңы 0,1705 га, ені 2 (екі) метр талшықты-оптикалық байланыс желісі жер телімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-"Желі" дивизионы" бірлестігіне жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары С.Тасовқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі: | М.Ақжаров |
| Алатау батыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы" " ________ № ____шешіміне қосымша |
Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округі аумағынан талшықты-оптикалық байланыс желісі жер телімдерімен қамтамасыз ету үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемі
№ | Жер учаске сінің орналаc қан жері | қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде | |||||||
ауыл шаруа шылық мақсатын дағы жерлер | оның ішінде | |||||||||
егіс тік | оның ішінде | көп жыл дық екпе лер | шабын дық | жайы лым | Өзге жер лер | Орман қоры жері | ||||
суармалы егістік | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Алатау батыр ауылдық округі, М.Айдаров пен Кисабеков көшелері | 0,1705 | - | - | - | - | - | - | - | - |
Барлығы | 0,1705 | - |
| - |
| - | - | - | - | |
