"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 104 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19, 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 12.09.2025 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №692 (№KZ11VBG01645834) бұйрығына, Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылыстық қорытындысына және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

      1."Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – "Желі" дивизоны" бірлестігіне Ленгір қаласы, Төлеби көшесінің бойынан талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,3334 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.

      3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмі М.Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады