Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 103 шешiмi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шәуілдір ауыл округіндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілісін:

      1. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №19 көшені Әметбек Нысанбеков көшесі

      2. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №18 көшені Төлеш Қысмұратов көшесі

      3. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №7 көшені Имансары Белгібаев көшесі

      4. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №6 көшені Әбіләкім Оспанқұлов көшесі

      5. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №3 көшені Икрамхан Үмбетов көшесі

      6. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №8 көшені Өтеген Тәтібаев көшесі

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 15.12.2025 № 152 шешiмiмен.

      1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Қайратұлына жүктелсін.

      Ауыл округі әкімі Ғ.Қыдыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады