Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 95 шешiмi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекенінде атауы жоқ төрт көшеге Тұрдықұл Кулимовтың, Исақұл Тастемировтың, Абдан Төлеповтың, Асан Садуовтың есімдері берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі С.Атымтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады