ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17849 тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ж.Тасов |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 555 қаулысына қосымша |
Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Кентау қаласы | 2,2 |
2 | Ащысай ауылы | 1,85 |
3 | Байылдыр ауылы | 2,05 |
4 | Қарнақ ауылы | 1,95 |
5 | Хантағы ауылы | 1,95 |
