Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Дарменов, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Сұлтановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_28_" __қараша__ №_752_ қаулысына қосымша |
Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші келесі шарттарда қызмет көрсетеді:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
2) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
4) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар) | 54 554,93 |
2 |
Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 54 554,93 |