ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 26-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген), Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 70 теңге;
2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін - 80 теңге;
3) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 90 теңге;
4) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтыншулар үшін - 100 теңге.
2. Осы шешімнің 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарына дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н.Әбішов |
