Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 262 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электорондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемелекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жариялағаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "__" _________
№__________қаулысына
қосымша

Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Бірлікке ең төменгі     қажеттілік, оның ішінде:

 
Қызмет ету (қолданылу) мерзімі (жыл)

ветеринариялық станции

ветеринариялық пункт

1

2

3

4

5

6

1. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі

1.

Ветеринариялық іс-шаралар жүргізгенде жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы (жылжымалы немесе стационарлық)

бірлік

1

1

5

2.

Инесіз инъектор

бірлік

2

1


3.

Термочемодан

дана

2

1

5

4.

Жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған)

жиынтық

1

1

5

5.

Кутиметр

дана

4

1


6.

Ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін)

дана

1

1

3

7.

Бұқаға арналған мұрын сақинасы

дана

5

5

7

8.

Қайшы

дана

3

2


9.

Мақта (зарарсыздандырылмаған)

орауыш (50 грамнан)

5

5


10.

Ветеринариялық термометр

дана

3

2


11.

Моторлы су сорғы

дана

1

0

6,5

12.

Арқалық бүркігіш аппараты (ранцевый)

дана

0

1

3

13.

Армирленген (армированный) шланг

орама (50 метр)

1

1


14.

Су тасымалдауға арналған бочка (1тонналық)

дана

1

0


2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың ең төменгі қажетті тізбесі

15.

Суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат

дана

1

1

3

16.

Сырғалауды жүргізуге арналған аппарат

дана

1

1

1

17.

Өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер

дана

1

1

3

18.

Жануарлардың жеке нөмірлерін оқуға арналған сканер

дана

1

1

 
6,5

19

Чиптерді оқуға арналған лазерлiк станция

дана

1

1

6,5

20

Аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке

дана

1

1

1

3. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі

21

Ұрықтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған)

дана

1

1

3

22.

Микроскоп

дана

1

1

5

23.

Дьюар ыдысы, 35 литр

дана

1

0


4. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге арналған жабдықтардың ең төменгі қажетті тізбесі

24

Ветеринариялық препараттарға арналған тоңазытқыш

дана

1

1

10

25

Хладогенті бар термосыйымдылық (мөлшері 100x100x200 см көп емес)

дана

1

0

5

26

Металл шкаф (қос есікті, габариті кемінде 181,3*38*45,7 см, аспаптар мен ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған)

дана

1

1

5

5. Құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған модульді бекеттер (сэндвич–панельдерден құрастырылатын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауға арналған жабдықтардың ең төменгі қажетті тізбесі

27.

Автомашина, дезинфекциялау қондырғысы (сыйымдылығы 500-600 литр)

бірлік

1

0

6,5

28

Құрастырылатын модульді бекеттер (сэндвич–панельдер)

бірлік

1

1

14

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі

29.

Жабайы ит пен мысықтарды аулаудың ілгекті қарулары

жиынтық

2

1

10

30.

Ауырсынуды болдырмайтын пневматикалық қару

бірлік

1

1

10

31.

Аулауға арналған қауіпсіздік қолғабы

бірлік

1

1


7. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлеріне арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті тізбесі

32.

Ветеринариялық хирургиялық үлкен жиынтық

бірлік

1

1

10

33.

Ветеринариялық анатомиялық үлкен жиынтық

бірлік

1

1

10

34.

Ветеринариялық акушерлік жиынтық

бірлік

1

1

10

35.

Биологиялық материалға арналған мұздатқыш

дана

1

0

10

36.

Тұтқасы бар штативтер үшін бүйірінде жиегі бар биологиялық материалды тасымалдауға арналған чемодан, ішкі контейнер: клипсасы бар пластик қап, суперабсорбенті бар пакет

дана

1

1


37.

Ветеринариялық құралдарды және материалдарды тасымалдауға арналған пластик жәшік

дана

2

1


38.

Шыны шприц, 2 мл

дана

4

2


39.

Шыны шприц, 5 мл

дана

4

2


40.

Шыны шприц, 10 мл

дана

4

2


41.

Шыны шприц, 20 мл

дана

4

2


42.

Шыны шприц, 150 мл

дана

1

1


43.

Бір рет қолданылатын шприц

дана

қажеттілігі бойынша

қажеттілігі бойынша


44

Кетгут

орама (5 метр)

2

2


45

Акушерлік ілгек

дана

1

4

10

46

Ірі малдарға арналған резеңке асқазан зонды

дана

1

1


47

Магнитті зонд

дана

1

1


48

Желіннің ұшына арналған катетер

дана

4

4


49

Фонендоскоп

дана

1

1


50.

Троакар

дана

2

2


51

Ірі және ұсақ малдарға арналған ауыз ашу құралы

дана

2

2


52.

Бикс

дана

1

1

10

53

Стерилизатор

дана

1

1

10

54.

Спринцовка

дана

4

2


55

Сұйық дәрілік заттарды егу құрылғысы

дана

1

1


56

Берік кептелген қақпағы бар банка

дана

10

10


57

Тұяқ пышағы

дана

1

1


58

Тұяқ қысқышы

дана

1

1


59.

Жануарлардың өлексесін және биологиялық материалдарды өртеуге арналған құрылғы (стационарлық және/немесе жылжымалы және/немесе гидравликалық тиегіші бар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашинаның шассиіндегі жылжымалы)

бірлік

1

1 (қажеттілігі бойынша)

7

8. Мал дәрігерлерінің функционалдық міндеттерін орындауға арналған жалпы техниканың, жабдықтар мен мүкәммалдың ең төменгі қажетті тізбесі

60.

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы автомашина (арнайы жабдықтар: аспалы гидропультпен, автотоңазытқышпен, мал союға және патологиялық материалдарды алуға арналған құралдармен, құрылғылар мен дезинфекциялаушы заттарға арналған науамен жасақталған)

бірлік

1

1

7

61.

Мал тасымалдауға арналған техника (мал тасымалдайтын автокөлік, тіркеме)

бірлік

1

1 (қажеттілігі бойынша)

6,5

62.

Кеңсе техникасы, оның ішінде:

жиынтық

2

1

4

жүйелік блок

монитор

клавиатура

компьютер тінтуірі

операциялық жүйені, Microsoft Offiсe толық пакетін қамтитын бағдарламалық жасақтама

көп атқарымдық лазерлі құрылғы (көшіргіш, сканер, принтер)

АРС тұрақтандырғышы (үздіксіз қуат беру көзі)

планшет

дана

1

1


63.

Кеңсе жиһазы, оның ішінде:





жазу үстелі

дана

5

1


орындықтар

дана

6

2

10

киімге арналған шкаф

дана

2

1


кітап шкафы

дана

2

1


сейф

дана

1

0


64.

Қуаты кемінде 5 кВт бензинді электргенератор (негізгі электр жүйесі апаттық сөнген кезде электр тоғын генерациялау үшін)

бірлік

1

1

25

65.

Кір жуғыш машина

дана

1

1


66.

Мырышталған шелектер

дана

2

2


67.

Басқылы шелектер

дана

2

1


68.

Қол жуғыш

дана

1

1


69.

Жеке қорғану құралдары, оның ішінде:

бірлік

5

2


ақ халаттар

көк/қара халаттар

ақ телпектер

көк/қара телпектер

бетперде

клеенкалы жеңқап

арнайы киім (жазғы, қысқы)

бірлік

3 (қажеттілігі бойынша)

2 (қажеттілігі бойынша)


70.

Клеенкалы алжапқыш

дана

2

1


71.

Қолғап (акушерлік, хирургиялық)

жұп

20

10


72.

Резеңке етік

жұп

5

2


73.

Қорғаныш көзілдірігі

дана

5

2


74.

Респиратор

дана

3

2


75.

Күрек

дана

1

1


76.

Айыр

дана

1

1


77.

Балта

дана

1

1


      Ескертпе : Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" №223 бұйрығына сәйкес жарамдылық мерзімі жасақталды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады