"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Еңбекші ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескеріп, Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекші ауылдық округі Жұмекен ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Сахып Бірғалиев есімі;
№ 2 көшеге - Мұхлес Сәбекеев есімі;
№ 3 көшеге - Ораз Бөлеков есімі;
№ 4 көшеге - Зағи Темірғалиев есімі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | Ж. Хамзин |
