Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 16 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 04.05.2026 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) белгіленген Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың Сыныптамасына, Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс мәжілісінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 3 хаттамасына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Құрманғазы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады