Құрманғазы ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 16 "Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 16 "Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Негіз: Құрманғазы ауданының прокурорының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 2-05-25-00891 наразылығы, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 18 наурыздағы шешімі.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкке ұсынуды;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады