"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 127 қаулысы

      Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 ""Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26762 болып тіркелген) төмендегідей толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулы қосымшасының:

      1-тармағы мынадай мазмұндағы 12)-тармақшасымен толықтырылсын:

      "12) бухгалтер";

      2-тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22), 23)-тармақшаларымен толықтырылсын:

      "21) бас бухгалтер";

      "22) бухгалтер";

      "23) мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Мамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық
мәслихатының төрағасы
А. Шаңғалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады