Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат, Құрылыс ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 42 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Жарсуат, Құрылыс ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Жарсуат ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Жарсуат ауылындағы № 1 жаңа көшеге – "Хамза Нысанғалиев" есімі;

      2) Жарсуат ауылындағы № 3 жаңа көшеге – "Құбаш Мурзин" есімі;

      2. Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Құрылыс ауылының мынадай көшесіне қайта атау берілсін:

      "Мектеп" көшесіне – "Жұмағұл Қалимағанбетов" есімі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Д. Қапашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады