Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 253 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде және Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының көшелеріне:

      1) №13 көшеге - Нұреден Ержанов көшесі;

      2) №26 көшеге - Идеят Сәрсенбиев көшесі;

      3) №27 көшеге - Түсіпқали Сәрсемалиев көшесі;

      4) №33 көшеге - Ғабдолла Өтебаев көшесі деп атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еркінқала ауылдық
округінің әкімі
М. Кариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады