Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезеңі үшін 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Әбілқайырова |
